Денвер әуежайында ұшақ өртенді
<p style="text-align: justify;">Колорадо штатының Денвер қаласындағы әуежайда American Airlines әуе компаниясының ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты өртеніп кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Fox News телеарнасына сілтеме жасап.</p>

Ақпаратқа сәйкес, жолаушылар ұшақ қанаты арқылы эвакуацияланған. Ұшақ Колорадо-Спрингс әуежайынан Даллас халықаралық әуежайына бағыт алған, бірақ мәжбүрлі түрде Денвер әуежайына қонған.
«Денвер халықаралық әуежайына (DEN) сәтті қонғаннан кейін, American Airlines компаниясының 1006-рейсінде қозғалтқыш ақауы пайда болды. Ұшақтағы 172 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі ұшақтан эвакуацияланды», делінген әуе компаниясының мәлімдемесінде.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.