Қоғам
1 мин оқу 114

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі көз жұмды

<p style="text-align: justify;">ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды. Қаралы хабарды аталған ведомство басшысы Ғани Бейсембаев жазды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі көз жұмды

«Ол өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты», — деп жазылған хабарламада.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.

«Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі - орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!», — деп жазды министр.

Бөлісу:
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар