Аймақтар
1 мин оқу 115
Тараздағы зауыттардың бірінде өрт шықты
<p style="text-align: justify;">Бүгін таңертең Тараз қаласында орналасқан зауыттардың бірінде өрт шыққан, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Зауыттағы электр трансформаторы өртенген. 60 шаршы метр аумағы отқа оранды.
Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында, яғни ауа-механикалық көбікті қолдана отырып, өрт одан әрі жайылмай, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу: