Қайрат Төребаев жаңа қызметке тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Қайрат Төребаев 1979 жылы Алматыда туған.
2000 Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын және 2012 жылы Берн Университетінің Дүниежүзілік Сауда Институтын бітірген. Мамандығы - халықаралық экономист, халықаралық құқық және экономика магистрі.
2001 жылдан 2012 жыл аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.
2012 - 2014 жыл аралығында ҚР экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған.
2014 -2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болған.
2019 жылдан Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған.