Оқиға
1 мин оқу 50

Ақтөбе облысында су тасқыны тіркелді

<p style="text-align: justify;">Тасқын оқиғасы &ndash; бүгін таңғы сағат 07:00 шамасында болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Ақтөбе облысында су тасқыны тіркелді

«Қандыағаш – Ембі - Шалқар - Ырғыз» республикалық автожолының 92 шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелген.

7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылып, мамандар мониторинг жүргізіп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше тасқынның ұзындығы 100 метрді, ал биіктігі 50 см құраған. Су деңгейі көтерілгендіктен көпірден өтетін барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды, ал жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында су тасқыны тіркелді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар