Футбол
1 мин оқу 30

Бақтиер Зайнутдинов әлем чемпионатына іріктеудің екі ойынына қатыспайды

<p style="text-align: justify;">Футболдан ұлттық құрама мүшесі, түркиялық&nbsp;&laquo;Бешикташ&raquo; ойыншысы&nbsp;Бақтиер Зайнутдинов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі ойынында алаңға шықпайды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бақтиер Зайнутдинов әлем чемпионатына іріктеудің екі ойынына қатыспайды

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, бұл шешімге Бақтиер Зайнутдиновтің медициналық қаралымның қорытындысы әсер еткен. 

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы іріктеу кезеңінде J тобында бақ сынайды. Бұл топтағы қарсыластары - Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн командалары. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 22 наурызда сырт алаңда Уэльске қарсы бақ сынайды. Ал 25 наурызда Лихтенштейнге  қарсы әлем чемпионатының жолдамасын сарапқа салады.

Іріктеу матчтары 2025 жылдың наурызында басталып, қараша айында мәресіне жетеді. 

Бөлісу:
Бақтиер Зайнутдинов әлем чемпионатына іріктеудің екі ойынына қатыспайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар