Заң
1 мин оқу 30

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

<p style="text-align: justify;">Аса ірі көлемдегі алаяқтық жасап айыпталған бұрынғы судья С. Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Айыпталушы 2021 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде  жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға жәрдемдесу сылтауымен азаматтарды алдап, 1 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын қолды қылған.
 
Тергеп-тексеру барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, олар бір іс жүргізуге біріктірілді.
 
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша айыптау актісімен сотқа жолданды.

Бөлісу:
Экс-судья Жолмановаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар