Теннис
1 мин оқу 20
Майамиде АТР турнирі басталды
<p style="text-align: justify;">Бұл күндері АҚШ-тың Майами қаласында АТР турнирінің іріктеу сайыстары өтіп жатыр, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жартылай финалда Михаил Кукушкин аустралиялық Адам Уолтонға 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді. Сол межеде Александр Шевченко словакиялық Лукаш Клейнді қапы қалдырды – 6:3, 7:6. Енді ол аргентиналық Тьяго Агустин Тирантемен кездеседі.
Ал Александр Бублик жарыстың негізгі бөлігінің алғашқы айналымында Аргентинаның тағы бір өкілі Себастьян Баеспен күш сынасады.
Бөлісу: