Қоғам
1 мин оқу 30

Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді

<p style="text-align: justify;">Мереке күндері елордалық емханалар мен ауруханалар әдеттегідей жұмыс істейді. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті,&nbsp;деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</p>

Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді

— Елордалық ауруханалар қала тұрғындарын тәулік бойы қабылдайтын болады. Резервтік мамандандырылған палаталарды бөлу арқылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық әзірлік қамтамасыз етілді, — деп хабарлады Астана әкімдігі.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында кезекші дәрігерлер сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фильтр бөлмелері сағат 8:00–ден 20:00–ге дейін жұмыс істейді, қоңыраулар 8:00–ден 16:00–ге дейін қабылданады.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Тәулік бойы хабарламалар мен қоңыраулар қабылданады.

Бөлісу:
Наурыз мерекесінде елордалық ауруханалар тәулік бойы жұмыс істейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар