Қоғам
2 мин оқу 40

Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды

<p style="text-align: justify;">Күні кеше Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен &laquo;Түбі бір түркі әдебиеті&raquo; атты дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, Өзбекстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Минходжиддин Хожиматов, екі елдің танымал қаламгерлері қатысты.</p>

Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды

Кездесудің негізгі тақырыбы – әдеби байланысты нығайту және әдебиеттің оқырмандарға ықпалы. Қазақ пен өзбек халқының әдебиеті мен мәдениеті терең тарихи және рухани байланысқа ие екені бар­шаға мәлім. Бұл жақындықтың қайнар бастауы ортақ түркілікте жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта да бұл үрдіс жалғасып жатыр. Қазақ пен өзбек әдебиетінің жаңа буын өкілдері шығармаларын бір-біріне аударып, әдеби байланыстарды нығайтып келеді.

Өзбекстаннан келген делегация Ұлттық кітапхананы аралады. Сирек кітаптар мен қолжазба­лар қызметінде арнайы көрме ұйым­дастырылып, қонақтар қорда сақ­талған бірегей мұралармен танысты. Олардың қатарында XVIII ғасырдағы Құран, Қожа Ахмет Ясауидің «Рисала» (XVI ғ.), «Диуани Хикмет» (XIX ғ.), «Хикмет Хазретиі» (XVIII ғ.), сондай-ақ оның ата-тегі туралы тарихи шежіре «Насабнама» (XVII ғ.) және шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың «Хикметтері» бар. Сонымен қатар шығыс әдебиетінің жауһарлары – Низами Гәнжауидің «Хамса» (XV ғ.), Әлішер Науаидің «Диуаны» (XVII ғ.), Әбілқасым Фирдоусидің «Шаһнамасы» (XVIII ғ.) да ерекше назарға ілікті.
Іс-шара аясында Өзбекстанның әдебиеті мен мәдениетіне арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Өзбекстан Респуб­ликасынан келген делегация құрамы мен қазақ қаламгерлері қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқ­­та­рын қойды. Сондай-ақ академик, классик жазушы Мұхтар Әуезовтің музей-үйіне барып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Айта кетейік, бұған дейін Түр­кістанда Қазақстан мен Өзбек­стан­ның белсенді жастарының қаты­суымен «Достық көпірі» форумы өткен болатын. Форумда жұмысшы мамандықтарды насихаттау және еңбек нарығына жасанды интеллектінің әсері секілді мәселелер талқыланды.

Бөлісу:
Бауырластардың әдеби байланысы нығаяды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар