Аймақтар
1 мин оқу 94

Түркістанда туристік форум өтті

<p style="text-align: justify;">Түркістанда&nbsp;<span class="s1" style="text-align: justify;">&laquo;Түркістан &ndash; түркі әлемінің рухани астанасы&raquo; атты республикалық туристік форумы өтті.&nbsp;</span><span style="text-align: justify;">Форумға Орталық Азия елдерінің туризм саласындағы бизнес өкілдері мен қолөнершілері қатысты.&nbsp;</span></p>

Түркістанда туристік форум өтті

Аталған форум  қаланың мән-маңызын тағы бір мәрте айшықтап, түркі елдерінің туристік әлеуетін дамытуға бағытталған. Бұл іс-шара мәдени, тарихи байланыстарды нығайтып қана қоймай, ұлы бабалар жолын жаңғыртуға да септігін тигізеді.

Форум аясында қазақтың ұлттық өнері дәріптеліп, қолөнер шеберлерінің туындылары, ұлттық тағамдар, ерекше этно-фестивальдер форумның ажарын аша түспек. Түркістанның бұл күндері бір ғана қала емес, тұтас түркі жұртының басын қосатын рухани мерекеге айналатыны анық.

Түркі әлемінің түп тамырынан сыр шертетін бұл басқосу – тек қана туристік емес, мәдени және рухани сабақтастықтың айғағы. Өткенін қадірлеген елдің болашағы жарқын болмақ. Түркістанға келген жан ата-баба аманатына бір табан жақындай түсері сөзсіз.

Бөлісу:
Түркістанда туристік форум өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар