Аймақтар
1 мин оқу 52

Ақмола облысында көпірді су шайып кетті

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Шағалалы өзеніндегі мұзды жару кезінде су деңгейі көтеріліп, а</span><span class="s1">уылды автобанмен байланыстыратын көпірді шайып кетті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Ақмола облысында көпірді су шайып кетті

ТЖМ  су деңгейі көтерілсе де Чаглинка ауылының су басуына жол берілмегенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, мұз кептелісін жою үшін Ақмола облысы ТЖД жарылыс техникасы мен күштері жедел тартылған.

Зеренді ауданы ТЖБ бастығы Ерлан Жолдиннің айтуынша, оқиға болған сәтте су деңгейі 1,5 метрге жеткен. Алдын алу шараларының, соның ішінде үйінділердің арқасында су елді мекенге кірмеген.

ТЖМ қазіргі уақытта Шағалалы өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатқанын хабарлады. Алдағы уақытта да су деңгейі бақылауда болады.

Бөлісу:
Ақмола облысында көпірді су шайып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар