Қоғам
1 мин оқу 132

Негізгі билік институтына халықтың сенім деңгейі жоғары

<p style="text-align: justify;">Қоғамдық саясат институты халық арасында кезекті қоғамдық пікір сауалнамасын өткізді. Таңдама көлемі елдің барлық өңірлерінен 2000 респондентті қамтыды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Негізгі билік институтына халықтың сенім деңгейі жоғары

Зерттеу 17 ақпан мен 6 наурыз аралығында «face-to-face» жаппай сауалнама әдісімен жүргізілді.

Алынған нәтижелерге сәйкес, азаматтардың 70%-дан астамы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп есептейді.

Сонымен қатар, негізгі билік институттарына деген сенім деңгейі бұрынғысынша жоғары деңгейде қалып отыр, бұл елде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясаттың тиімділігіне берілген лайықты бағаны көрсетеді.

Қоғам мен биліктің бірігу деңгейін халықтың қазіргі саяси (76,5%) және әлеуметтік-экономикалық (67%) жағдайды бағалауы да растайды.

Бөлісу:
Негізгі билік институтына халықтың сенім деңгейі жоғары · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар