Атыраудағы жағымсыз иістің себебі анықталды
<p style="text-align: justify;">Атырау тұрғындары соңғы аптада қаланы жайлаған газ немесе бензинге ұқсас жағымсыз иіске шағымданып келеді. Әлеуметтік желіде экологияның нашарлағаны айтылып, зиянды газдардың бөлінуіне алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жағымсыз иістің көзін анықтау үшін «Қазгидромет», Атырау мұнай өңдеу зауытының сынақ зертханасы және экология департаментінің мамандары қаланың әртүрлі бөлігінен ауа сынамаларын алды.
Зерттеу нәтижелері көңіл көншітпейді: күкіртсутегі, көмірсутектер және бензол концентрациясы рұқсат етілген шектен 11 есе жоғары.
Экология департаменті қаладағы ірі кәсіпорындарда экологиялық нормалардың сақталуын тексеруді тапсырды. Оның қорытындысы бойынша есеп беріледі.