Қоғам
1 мин оқу 60

Мың құсқа ұя жасады

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында &laquo;Таза Қазақстан&raquo; жобасы аясында халықаралық құстар күніне орай экологиялық акция өтті. Оған сту&shy;дент&shy;тер мен мектеп оқу&shy;шылары белсене атсалысып, өңір экожүйесін қор&shy;ғауға өз үлестерін қосты. Соның бірі Қонаев қала&shy;сының көпсалалы коллед&shy;жінің базасында ұйымдас&shy;тырылды.</p>

Мың құсқа ұя жасады

Табиғи ресурс­тар және табиғатты пайда­лануды реттеу басқар­ма­­сына қарасты орман шаруашы­лық­тарының қолдауымен колледж сту­денттері өз қолдарымен 1 000 құсқа ұя жасап, оларды білім беру мекемелерінің аумағына оқу­шылармен бірге орнатты. Осы­лайша, құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар жасалды.

«Taza Like» акциясы бір ай бойы жалғасып, Алматы облысының 9 ауданын қамтитын болады. Акцияның басты мақ­саты – табиғатқа ұқып­ты қарау­ды насихаттау, экологиялық мәде­­ниетті дамыту, қоршаған ортаға жауап­кершілікпен қарауға тәрбиелеу.

«Қоршаған ортаны қорғау, құстарға жана­шырлық жасау сынды экологиялық сана балалық шақтан қалыптасады, таби­ғатқа қамқорлық – болашаққа жасал­ған инвестиция», дейді акцияны ұйым­дастырушылар.

Алматы облысы 

Бөлісу:
Мың құсқа ұя жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар