Ауа райы
1 мин оқу 160

Еріген қар суы салдарынан үш облыста жол жабылды

<p style="text-align: justify;">&laquo;ҚазАвтоЖол&raquo; үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Еріген қар суы салдарынан үш облыста жол жабылды

23 наурыз сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, еріген қар суы салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы-Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

- «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 60 арнайы техника мен 108 маман жұмылдырылды.

Бөлісу:
Еріген қар суы салдарынан үш облыста жол жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар