Аймақтар
1 мин оқу 80

Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қостанай облысында тасқын суын қауіпсіз өткізу үшін 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді

Сонымен қатар, өңірдің 21 елді мекенін су тасқынынан қорғау үшін бөгет құрылысы аяқталған. Мәселен, Қостанай облысының 9 ауданы мен Рудный қаласында бөгеттер салынған. Ал Жангелдин ауданының Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында бұл бағыттағы жұмыстарды таяу арада аяқтау жоспарланған.

«Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Су құрылыстарында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр», деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.

Бөлісу:
Қостанай облысында 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар