Қоғам
1 мин оқу 70
Еліміздің үш облысында жол жабылды
<p style="text-align: justify;">Қазақстанның үш облысында республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап</p>

25 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша келесі жолдар жабылды:
- Ақтөбе облысы – «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз»тасжолының 3-92 шақырымында (Қандыағаш – Ембі аралығы).
- Қостанай облысы – Қазақстан-Ресей шекарасындағы бейтарап аумақ, Мариновка ауылына жақын маңда.
- Солтүстік Қазақстан облысы – «Петропавл қаласын айналып өту» жолының 4-7 шақырымында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзеніндегі көпірге дейін).
Қазіргі уақытта жолдарды тазалау жұмыстарына 62 арнайы техника мен 96 маман жұмылдырылған.
Бөлісу: