Аймақтар
1 мин оқу 5

26 отбасына пәтер кілті берілді

<p><span lang="KZ">Жаңасемей ауданы Шүлбі кентінінің 26 отбасы биыл Наурыз мейрамын жаңа үйде жарқырап қарсы алды.</span></p>

26 отбасына пәтер кілті берілді

Екі пәтерлі тұрғын үйдің кілтін табыс ету салтанатты рәсіміне аудан әкімі Алмас Тастенбеков қатысты. Оның айтуынша, қазір Жаңасемей ауданында 100-ден астам азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу үшін бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Шүлбі кентіндегі бұрынғы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беріледі.

Қазір 2023-2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бірнеше құрылыс жобасы қолға алынған. Мұқыр, Бөкенші ауылдары мен Шаған кентінде екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Абай облысы

Бөлісу:
26 отбасына пәтер кілті берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар