Үкімет
1 мин оқу 112

Ақмоланың 10 ауылында медициналық нысандар салынады

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды жүзеге асырып келеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Ақмоланың 10 ауылында медициналық нысандар салынады

Ақмола облысының бірқатар ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) мен дәрігерлік амбулаториялар құрылысын аяқтау жұмыстарына Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданды.

Барлығы 4 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 1 медициналық пункт салынады. Әр ауысымда 405 науқасты қабылдай алатын дәрігерлік нысандар ауылдық жерлерде халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.

Дәрігерлік амбулаториялар Ақмола облысының келесі ауылдарында:

● Аршалы ауданы Арнасай ауылында,

● Астрахан ауданындағы Ескі Қалқұтан ауылында,

● Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында,

● Целиноград ауданы Жаңа Есіл ауылында бой көтереді.

Сондай-ақ:

● Жақсы ауданының Киров ауылында,

● Целиноград ауданы Жарлыкөл ауылында,

●  Бұланды ауданының Партизанка ауылында,

● Бұланды ауданы Алтынды ауылында,

● Шортанды ауданының Пригородное ауылында ФАП-тар салынады.

 Целиноград ауданының Шалқар ауылында медициналық пункт пайдалануға беріледі.

Бөлісу:
Ақмоланың 10 ауылында медициналық нысандар салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар