Спорт
1 мин оқу 160

Көркем гимнастикадан қоржынға тоғыз алтын түсті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Грецияда өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті.&nbsp;Отандастарымыз 9 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль олжалады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ұлттық олимпиадалық комиеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Көркем гимнастикадан қоржынға тоғыз алтын түсті

Ересектер арасындағы жарыста Эрика Жайлауова көпсайыста, таспамен жаттығуда бірінші орын алды. Ал доппен жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Милана Парфилова шығыршықпен жаттығуда теңдессіз өнер көрсетті. Айым Мейіржанова таспамен жаттығуда екінші, көпсайыста үшінші орын алды.

Топтық жаттығуларда ұлттық құрама екі алтын және бір күміс медальге қол жеткізді.

Жасөспірімдер арасында Ақмарал Ерекешева үш алтын (көпсайыс, доппен және таспамен жаттығу) және екі күміс (шығыршық және шоқпар таяқшаларымен жаттығу) медаль иеленді.

Рысбек Айғаным көпсайыста алтын медаль жеңіп алды.

Бөлісу:
Көркем гимнастикадан қоржынға тоғыз алтын түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар