Алматы
1 мин оқу 21

Күй кернеді көшені

<p style="text-align: justify;">Наурыз мейрамында қаланың 8 ауда&shy;нында мыңнан астам оқушы респуб&shy;ликалық акцияға қатысып, бір мезетте домбырамен күй тартты.</p>

Күй кернеді көшені

Ұлттық киім киген жас күйшілер «Адай», «Балбырауын» және «Ерке сылқымды» тартып, қала көшелерін ерекше әуезге бөледі. Өскелең ұрпақ бойын­да рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау мен насихаттауды мақсат еткен игі шара жас домбырашылардың басын қосып, дәстүрлі музыканың ерекшелігін паш етті.

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған музыкалық іс-шаралар әлі де жалғасын таппақ. Концерттер, театр қойылымдары, спорттық жарыстар мен жәрмеңкелерге дайындық аяқталып, қала көшелері мерекеге сай безендірілді. «Көк-Төбе» саябағында, Абай алаңында, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде, Арбат, Астана алаңында Нау­рызнама онкүндігі аясында жүзден астам түрлі іс-шара  өтеді деп жоспарланған.

АЛМАТЫ 

Бөлісу:
Күй кернеді көшені · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар