Мереке
1 мин оқу 40

Әулиеатадағы әз-Наурыз

<p style="text-align: justify;">Амал мерекесімен басталған әз-Наурыз мерекесі Тараз қала&shy;сындағы орталық алаңда түйінделді. Жаңару мен жаң&shy;ғырудың бастауы болған жыл басы &laquo;Құс қанатындағы Нау&shy;рыз&raquo; атты мерекелік концертке ұласты. Көпшілік назарына ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, салт-дәстүрді дәріп&shy;тейтін театрландырылған қойылым ұсынылды.</p>

Әулиеатадағы әз-Наурыз

Бұл күні әулиеаталық әлеумет есімі елге бел­гілі әншілердің әдемі әндерін тыңдап, күм­бірлеген күй сарынына құлақ түрді. Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябаққа тігілген ақшаңқан күйіз үйлердің маңы думанға бөленді. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер алтыбақан теуіп, мәре-сәре болды. Сон­дай-ақ ұлттық спорт түрле­рінен ұйымдастырылған тартысты жарыстар да мерекеге сән берді.

«Көктемнің шуақты мейрамы биыл қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Әз-Наурыз – жаңару мен жаң­ғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Күн мен түн теңесетін осынау мерекенің қазақ халқы үшін қай кезде де орны бөлек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Ұлттық құрылтайда Наурыз мерекесінің мәртебесін кө­теріп, мазмұнын байытудың маңызы зор екенін атап өт­кені белгілі. Ал өткен жылы Пре­зиденттің бастамасымен жыл басын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы енгізілді. Наурызнаманың онкүндігі биыл да лайықты жалғасын тапты. Оған өңіріміздің бар­лық аудандары мен ауылдары атсалысты.

Ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарды дәріптеу – баршамыздың ортақ мін­детіміз. Әз-Наурыз құтты болсын! Әрбір отбасында шаттық, қуаныш болсын», деді облыс әкімі Ер­бол Қарашөкеев өңір халқын құттықтап.

Бұл күні әз-Наурыз мейрамы өңірдің барлық ауданы мен ауылында сән-салтанатымен жалғасты. Ұлттық салт-дәс­түр жаңғырған мерекеде ақын­дар айтысы өткізіліп, қа­зақ күресі секілді ұлттық спорт түр­лерінен жарыстар ұйым­дастырылды.

Жамбыл облысы 

Бөлісу:
Әулиеатадағы әз-Наурыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар