Заң
1 мин оқу 210

Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан курьер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шымкентте 25 жастағы жігіт 1 кг есірткі тасымалдау кезінде қолға түсті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан курьер ұсталды

Полиция одан есірткі және синтетикалық есірткілерді өткізуге арналған заттарды тәркілеген.
Ұсталған күдікті есірткі таратумен айналысып, интернет-есірткі дүкені үшін ораушы әрі курьер қызметін атқарғанын мойындаған. 

«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы бір килограмға жуық. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Бөлісу:
Шымкентте есірткі тасымалдаумен айналысқан курьер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар