Әлем
1 мин оқу 110

Ердоған экономиканың құлдырауына оппозицияны кінәлады

<p style="text-align: justify;">Түркияда оппозиция өкілі, Ыстамбұл әкімі Экрем Имамоғлы тұтқындалғаннан бері наразылық шаралары аяқталар емес. Оған жемқорлық және терроризм баптары бойынша айып тағылған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ердоған экономиканың құлдырауына оппозицияны кінәлады

Түркия президенті Р.Ердоған оппозицияның толассыз қарсылығы соңғы он жылда болмаған экономикалық құлдырауға әкеліп отырғанын мәлімдеді.

Ердоғанның бұл сөзі Республикалық халық партиясының (РХП) билікті қолдайтын компанияларға байкот жариялауға шақырғаннан кейін іле-шала айтылған.

Түркия басшысы оппозицияның мемлекет пен халықты отқа итеруден тайынбай тұрғанын мәлімдеді.

Билеуші Әділет және даму партиясының депутаттарына жолдауында Ердоған «түрік экономикасына бағытталған бүлікті ұйымдастыршылар сот алдында жауап береді», деді.

Бөлісу:
Ердоған экономиканың құлдырауына оппозицияны кінәлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар