Құтқарушы
1 мин оқу 80
Ақаулы автобустан 48 шетелдік эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысына қарасты Хромтау ауданы аумағында республикалық маңызы бар жолда жолаушылар автобусы бұзылып қалған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нақты айтқанда, «РФ шекарасы - Ақтөбе - Кызылорда - Алматы - ҚХР» тас жолының «Шымкент - Мәскеу» бағыты бойынша 789 шақырымы тұсында тоқтаған ақаулы автобустан ТЖМ қызметкерлері жақын маңдағы жол бойындағы кафеге 48 жолаушыны, оның ішінде 4 баланы эвакуациялаған.
«Эвакуацияланғандардың барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу: