Алматыда есірткіге қарсы күрес күшейтілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен жүздескен Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Данияр Ақжанов қалада 58 келіден астам есірткі заттары тәркіленгенін, контрабанданың 57 әрекетіне тосқауыл қойылып, бір жасырын зертхана жойылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Алматы әуежайы Орталық Азияның ірі авиациялық хабы ретінде, есірткі заттарын АҚШ пен Еуропа елдерінен заңсыз әкелу әрекеттерінің негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Алайда құқық қорғау органдарымен жүйелі және үйлесімді жұмыс жүргізудің арқасында тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері ұдайы тоқтатылып отырады.
«Заң және Тәртіп» іс-шаралары аясында біз есірткі құралдарын контрабандалық әкелу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеміз. Тек өткен жылы ғана 10 адам пошталық аударым арқылы контрабанда жасағаны үшін сотталды, оларға нақты 8 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімдері тағайындалды», деп атап өтті Данияр Ақжанов.
Спикердің айтуынша, жұмыс 2025 жылы да жалғасуда. Есірткіні шекара арқылы заңсыз тасымалдаудың 11 фактісі тіркелген. Алматыда, сондай-ақ Петропавл, Семей, Көкшетау, Шымкент және Өскеменде өткізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан почта жөнелтілімдерін халық тұтынатын тауарлар ретінде жасырылған есірткі заттарымен алған адамдар ұсталды.
«Заңсыз айналымнан 8 келіге жуық марихуана мен 15 келіге жуық гашиш майы алынды. Бұл - оперативтер, кинологтар және басқа да мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес біз үшін басымдық болып қала береді. Біз Алматыда және бүкіл елде заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын боламыз», дейді Ақжанов.
Алматы ЭТД басшысы азаматтардың есірткі қылмысына қарсы күреске қатысуының маңыздылығын атап өтіп, күдікті фактілер туралы ҚР ҚМ-1458 Call - орталығының нөмірі бойынша хабарлауға шақырады.