Оқиға
1 мин оқу 62

Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды

<p style="text-align: justify;">Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ресей Федерациясының Красноярск өлкесіндегі Шарыпово қаласында кәсіпкерді өлтіргені үшін күдікті ретінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды

Бас прокуратураның мәліметінше, биылғы жылдың ақпан айында Павлодар қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан кәсіпкердің мәйіті табылған. Полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында кісі өлтіру фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу басталған.

Қазіргі уақытта прокуратура күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдап жатқаны хабарланды.

Айта кетейік, бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Павлодарда кісі өлтірген күдікті Ресейде ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар