Аймақтар
1 мин оқу 30

26 отбасына пәтер кілті табысталды

<p style="text-align: justify;">Жаңасемей ауданы Шүлбі кентіндегі 26 отбасы биылғы Наурыз мейрамын жаңа үйде қарсы алды.</p>

26 отбасына пәтер кілті табысталды

Екі пәтерлі тұрғын үйдің кілтін аудан әкімі Алмас Тастенбеков салтанатты жағдайда табыс етті. Қазір Жаңасемей ауданында 100-ден аса азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың баспана мәселесін кезең-кезеңімен шешу барысында бірқатар іс-шара қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Шүлбі кентіндегі бұрынғы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жобасы. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беріледі.

Қазір 2023–2029 жылдарға арналған инфрақұрылымды да­мыту тұжырымдамасы аясында Жаңасемей ауданында бір­неше құрылыс жобасы жүзеге асырылып отыр. Мұқыр, Бөкенші ауыл­дары мен Шаған кентінде екі пәтер­лі тұрғын үйдің құрылысы жүр­гізіліп жатыр.

Абай облысы

Бөлісу:
26 отбасына пәтер кілті табысталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар