Аймақтар
1 мин оқу 40

Сейсмикалық жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды

<p style="text-align: justify;">Жедел штаб Қазақстанның ТЖМ командалық орталығының базасында орналасқан, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сейсмикалық жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды

Жамбыл облысындағы жер сілкінісіне байланысты ТЖ вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен жұмыс кеңесі және аумақтық бөлімшелермен бейнебайланыс орнатылды.
Министрлік жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы ақпарат түспегенін хабарлады.
Сондай-ақ аймақтағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
ТЖМ мониторинг жалғастырып Жамбыл облысындағы жағдайды тұрақты деп бағалап отыр.

«Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда ден қоюға дайын. Жамбыл облысында 5 химиялық қауіпті нысан орналасқан. Мамандар оларды зерттеу үшін өзара іс-қимыл ұйымдастырды, қауіп жоқ», делінген ТЖМ хабарламасында.

Бөлісу:
Сейсмикалық жағдайды бақылайтын жедел штаб құрылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар