Саясат
2 мин оқу 85

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаомен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жайы мен келешегін талқылады.</p>

Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі

Ерлан Қошанов Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жаңа «алтын 30 жылдықта» мәңгілік жан-жақты стратегия­лық әріптестік рухында ныға­йып келе жатқанын атап өтті.

– Бұл үздіксіз дамудың бас­ты қозғаушы күші ретін­де көшбасшыларымыздың жеке достық байланыстары мен ерен еңбегін айтуға болады. Әсіресе кейінгі жылдар қазақ-қытай қарым-қатына­сын жаңа деңгейге көтеруде маңызды кезеңге айналды. Мемлекеттеріміздің басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпиннің салып берген жолымен парламентаралық байланыстарымызды одан әрі дамытамыз деп сенемін, – деді Мәжіліс төрағасы.

Палата спикері мәртебелі мейманға елдегі жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар туралы мәлімет беріп, парламентаралық ынты­ма­қ­тастыққа жеке тоқталды.

Бұл орайда екі ел Пар­ламенттерінің ықпалдастығын нығайтуда былтырғы Мәжіліс делегациясының Қытайға сапары тың қарқын берді. Ерлан Қошанов бастаған делегация Бейжің, Үрімші қалаларын­да болып, елдің басшылығы­мен және Парламенттегі әріптес­терімен жемісті келіссөз­дер жүргізген еді.

– Екіжақты әріптестікті дамытуда заң шығарушы орган­дардың маңызы мен рөлі ерекше. Жалпы, екі ел парламенттерінің тәжірибе алмасатын, үйренетін тұстары аз емес. Біз парламентаралық ынты­мақтастықты одан әрі нығай­туға мүдделіміз. Қытай тара­пынан да дәл осындай ықы­лас бар екенін білеміз. Осы тұр­ғыда әріптестерімізбен заң шығару саласында түрлі бағыт­тар бойынша тәжірибе алмасып келеміз, – деді Ерлан Қошанов.

Екі ел арасындағы партия­аралық әріптестіктің де келе­шегі зор. Әңгімелесу барысында тараптар «Amanat» партия­сы мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы ынты­мақтастықты нығайту мәселесін де талқылады.

Өз кезегінде Лю Цзяньчао елдеріміз арасындағы страте­гиялық әріптестіктің одан әрі қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

– Қытай Коммунистік партиясы мен «Amanat» партиясын байланыстыратын ортақ мақсаттар көп. Ол – ең әуелі біздің мемлекеттеріміздің дамуы жолындағы жауапкер­шілік. Біз бірлесіп, көшбасшы­ларымыздың стратегиялық бағдарын ұстанып, елдеріміздің одан әрі дамуына күш салуға тиіспіз. Мемлекет басшы­лары­ның сенім мен сыйластыққа негіз­делген берік достығы халық­тарымыз үшін өте құнды. Ендігі кезекте олардың уағда­ластықтарын іске асыру – біздің партияларымыздың ортақ міндеті, – деді Лю Цзяньчао. 

Бөлісу:
Парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар