Күрес
1 мин оқу 90
Жәмилә Бақбергенова алтынға таласады
<p style="text-align: justify;">Жәмилә Бақбергенова (72 кг) Азия чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы, тәжірибелі жапон балуаны Масако Фурутиді жеңді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 2021 жылы әлем чемпионаты финалында екеуі күресіп, ол кезде Масако Фурути ұтқан екен.
Финалдар Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де басталады. Жәмиләнің қарсыласы Қытай палуаны. Елімізде Азия чемпионатын Qazsport пен Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске салайық, Азия додасы Иорданияның бас шаһары Амманда өтіп жатыр.
Бөлісу: