Тағзым
1 мин оқу 210

Ақын әлеміне саяхат

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Қарағанды ауылдық кітапханасында &laquo;Бір ел &ndash; бір кітап&raquo; акциясы аясында &laquo;Жұмекен &ndash; қазақ поэзиясының алтын сандығы&raquo; атты библио микс іс-шарасы өтті. Оған 2 &laquo;а&raquo; сынып оқушылары қатысты.</p>

Ақын әлеміне саяхат

Биыл аса көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжі­ме­деновтің туғанына 90 жыл толады. Шалқар дарын иесі ә дегеннен қазақ поэзиясына өз үнімен келді. Оған жаңаша өрнек қосты. Оның өлеңдерінен ғана емес, поэ­маларынан философиялық тереңдікті, парасаттылықты көресіз. Прозаға да қалам тербеп, сүйекті шығармалар жазды. Сондай-ақ Жұмекен Нәжімеденов – мемлекеттік әнұран авторларының бірі. Ақынның замандасы біртуар тұлға Мұқағали Мақатаев: «Жұмекен жұмбақ ақын. Тамырын тереңге салған, ойға бай, тілге сараң суреткер. Ақын Жұмекен, жұмбақ Жұмекен біздің поэзиямыздың бү­гін­гі де, ертеңгі де орнына мықтап жайғасқан», деп көзі тірісінде жоғары баға­ла­ған.

Мазмұнды шара бары­сында оқушылар айтулы тұлғаның өмірімен, шығар­ма­шылығымен жақын та­ныс­­ты. Ақын кітаптарына биб­­лио­графиялық шолу жүр­­гізді. Сонымен бірге қа­быр­­ғалы қаламгердің туын­­­ды­ларын жатқа оқыды. Мем­­ле­кеттік әнұранды орын­дады.

Сөйтіп, жас оқырмандар бірегей суреткердің шы­ғармашылық әлеміне саяхат жасады.

Гүлжауһар ЕСЕНТАЕВА,

Қарағанды ауылдық кітапханасының қызметкері

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы 

Бөлісу:
Ақын әлеміне саяхат · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар