Өскеменде көлік жуушы бастығының көлігін сатып жіберген
<p style="text-align: justify;">Өскеменде көлік жуатын орында істейтін азамат бастығының көлігін сатып жіберген. Әу баста басшысы оған сенім артып, көлікке қызығушылық танытып қоңырау шалған азаматтарға жауап беріп отыруды тапсырған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Көлік жуатын орынның иесі жол апатына ұшыраған көлігін интернет арқылы сатуға қойыпты. Көлікке қызығушылық танытып хабарласқан адам жаңағы жұмысшыға хабарласқан.
– Жеңіл ақша табуды көздеген айыпталушы Самар ауданынан хабарласқан адамға көлікті 350 мың теңгеге сатып жіберді. Бұны біліп қойған көлік иесінің арызынан соң автожуу жұмысшысына қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған, – делінген ШҚО соты баспасөз қызметінің ұсынған ақпаратында.
Сот шешімімен сотталушы екі жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.