СҚО-да аудан әкімнің орынбасары пара алғаны үшін сотталды
<p style="text-align: justify;">СҚО-дағы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі басшысы жолдарды жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге пара алған, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас Прокуратура айыпталушылардың кінәсі нақты фактілермен дәлелденсе де өздері оны мойындамағанын мәлімдеді.
Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғаларды 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға соттаған.
Сонымен қатар, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды жұмыстарды атқаруға тыйым салынған.
Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді. Үкім заңды күшіне енген.