Әлем
1 мин оқу 83
Пхукетте туристер мінген катер жарылып, жанып кетті
<p style="text-align: justify;">Пхукет провинциясында орналасқан Майтон аралында Қазақстан мен Ресей азаматтары мінген катер жарылып, отқа оранды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Катерде 31 турист болған, оның ішінде 30 адам шомылып жүрген кезде жарылыс болған. Ал бір Ресей азаматы қайықта отырған. Ол жеңіл күйік алып, ауруханаға жеткізілген.
Таиланд полициясының мәлімдемесіне сәйкес, қалған 30 адамның денсаулығы жақсы, ешкім ауыр жарақат алмаған.
Жарылыс себебі әлі анықталған жоқ, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу: