Табиғат
1 мин оқу 111

Қызылордада балық аулау уақытша тоқтатылды

<p style="text-align: justify;">Аталған тыйым &ndash; бүгіннен бастап облыста &laquo;Уылдырық шашу&raquo; акциясының басталуымен байланысты болып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада балық аулау уақытша тоқтатылды

Осылайша Арал-Сырдария бассейнінің су айдындарында балық аулауға уақытша тыйым салынды.

«Оның ішінде «Шардара» су қоймасының су айлағында 1 сәуір-20 мамыр, Түркістан облысы шегіндегі су айдындарында және «Шардара» су қоймасынан Қызылорда облысының әкімшілік шекарасына дейiнгi Сырдария өзенiнде 15 сәуір-31 мамыр, сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр-30 мамыр аралығында балық аулауға болмайды. Ал Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымға, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымға дейін жағдай бақылауымызда болады», деді Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров.

Аталған акция шеңберінде рейдтік іс-шаралар, су айдындарының мониторингі және табиғат қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жоспарланған.

Бөлісу:
Қызылордада балық аулау уақытша тоқтатылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар