Қазақстан
1 мин оқу 85
Қаңтар-ақпан айларында 21 мыңнан астам адам қайтыс болған
<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының қазіргі саны, дүниеге келгендер және қайтыс болғандар туралы нақты мәлімет жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ведомство дерегінше, осы жылдың 1 наурызындағы статистикаға сәйкес, отандастарымыздың саны 20 316 155 адам, әйелдер – 10 388 760-қа жетсе, ерлер саны 9 927 395-ке жеткен.
Қала халқының саны – 12 млн 813 мың 769, ауыл халқы – 7 млн 502 мың 386 адам.
Биылғы қаңтар-ақпан айларында 51 439 сәби өмірге келген және осы аралықта 21 121 адам қайтыс болған.
Бөлісу: