Білім
1 мин оқу 70

Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады

<div class="article-description"> <p style="text-align: justify;">Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p> </div>

Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады

Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды. 

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады.  Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Бөлісу:
Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар