Бокс
1 мин оқу 60
World Boxing: 4 боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды
<p style="text-align: justify;">Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогінің екінші жарыс күнінде 4 отандасымыз қарсыласына есе жіберіп, біреуі келесі кезеңге өтті, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

54 келіде Анита Адишева алғашқы жекпе-жегінде польшалық былғары қолғап шеберіне 0: 5 есебімен жеңілді.
60 келіде шаршы алаңға шыққан Талғат Сырымбетов жергілікті боксшыдан айласын асыра алмады.
50 келіде Нұрзат Оңғаров өзбекстандық боксшыдан 5: 0 есебімен жеңіліп, жарысты аяқтады.
65 келіде Алмат Абдуали бразилиялаққа жол берді.
Тек +90 келіде Даниал Сапарбай Үндістан өкілінен 3: 2 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды.
Бөлісу: