Қоғам
1 мин оқу 80
Жүргізуші куәлігінен айырылғандар мопед жүргізе ала ма?
<p style="text-align: justify;">Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлік жүргізу құқығынан айырылған қазақстандықтар мопед немесе тағы басқа көлік техникаларын тізгіндей алмайтынын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Оның айтуынша, мопед көлік түрі болғандықтан, оларды жүргізу үшін де жүргізуші куәлігі қажет.
«Куәлігінен айырылған адамдар куәлікті қайта ала алмайды. Біз бұл процесті бақылап отырмыз: жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қызмет көрсетілмейді», деді И.Лепеха Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жаңа шарттарын жариялаған болатын.
Бөлісу: