Оқиға
1 мин оқу 70

Fly Arystan мен Алматы әуежайына қатысты тергеу басталды

<p style="text-align: justify;">Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Fly Arystan әуе компаниясы мен Алматы халықаралық әуежайына қатысты екі бөлек тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Fly Arystan мен Алматы әуежайына қатысты тергеу басталды

Монополияға қарсы орган жүргізген мониторинг нәтижесінде, Fly Arystan әуе компаниясының билет бағасын жасанды түрде көтергені туралы заң бұзушылық белгілері анықталған. 

Сонымен қатар, Алматы халықаралық әуежайы қызмет көрсетуші компанияларды таңдау кезінде әділетсіздікке жол берді деген күдікке ілінген. Бұған дейін Агенттік әуежай әкімшілігіне ескерту жасаған, алайда ол орындалмаған.

Агенттік екі іске де қатысты тергеуді жалғастырып жатыр. Егер заң бұзушылықтар дәлелденсе, заңға сәйкес шаралар қолданылатыны хабарланды.

Бөлісу:
Fly Arystan мен Алматы әуежайына қатысты тергеу басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар