Спорт
1 мин оқу 80
Күрестен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағанды қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Алғашқы жүлделер грек-рим күресінің балуандары арасында сарапқа салынады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ал 5 сәуір күні әйелдер арасындағы жарыстар басталады, 6 сәуірде еркін күрес балуандары медаль үшін күреседі. Әр жарыс күнінің финалдық бөлімдері сағат 18:00-де өтеді.
Жастар чемпионаты аяқталған соң, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі өтеді.
Бөлісу: