Мектеп
1 мин оқу 54

Теректіде жаңа мектеп ашылды

<p style="text-align: justify;">Ұлытау облысының Теректі стансасында 80 орындық жаңа мектеп ашылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Теректіде жаңа мектеп ашылды

Көптен күткен қуанышқа мектеп мұғалімдері, оқушылар ғана емес, ата-аналар да келді.

Білім ошағының салтанатты ашылуына облыс әкімі Дастан Рыспеков қатысып, құттықтады.

Мектеп қос қабаттан тұрады. Пән кабинеттері бүгінгі заман талабына сай қажетті оқу құралдармен жабдықталған. Білім алушылардың жан-жақты дамуына ықпал ететін зертхана, кітапхана, спорт залы бар. 

ыы

Күзде жаңа оқу жылынан бастап мектеп ішінде 25 балаға арналған шағын орталық ашылады. Онда 3-6 жастағы балғындар білім алады.

Жаңа мектептің ашылғанына қуанған ұстаздар шәкірттерге сапалы білім беруде мол мүмкіндік ашылғанын жеткізді.

Бөлісу:
Теректіде жаңа мектеп ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар