Спорт
1 мин оқу 90

Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды

<p style="text-align: justify;">Биыл жазда Қытайдың Чэнду қаласында өтетін XII Дүниежүзілік ойындар (The World Games)&nbsp;бәсекесі өтеді. Туризм және спорт министрлігі халықаралық сында ел намысын қорғайтын каратэшілердің тізімін жариялады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды

XII Дүниежүзілік ойындарда бақ сынайтын спортшылар: 

Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг)
Әсел Қанай (-61 кг)
Софья Берульцева (+68 кг)
Қайсар Алпысбай (-60 кг)
Дидар Әмірәлі (-67 кг)
Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг)

Бұл кешенді жарысқа құрама үздіктері жолдама алған. Чэндуда бас-аяғы 96 каратэші жүлдеге таласады. Олар әлем чемпионаты және рейтинг нәтижесінде іріктелген. Каратэден жарыс 8-9 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейінгі Дүниежүзілік ойын 2022 жылы АҚШ-тың Бирмингем қаласында өтіп, Қазақстан 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алған. Нәтижесінде делегация Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепте 37-сатыға тұрақтады. Алтынды Қазақстан қоржынына Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) салған еді. 

Бөлісу:
Дүниежүзілік ойындарға қатысатын каратэшілер белгілі болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар