Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады?
<p style="text-align: justify;">2025 жылғы сәуір айында 8 күн демалыс күні бар. Осы айда мереке күндері жоқ, сол себепті қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері ғана демалады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресми мерекелер болмағанымен, сәуір айы еңбек ұжымдарында дәстүрлі түрде атап өтілетін кәсіби және символдық даталарға толы.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 қарашадағы №480 бұйрығына сәйкес, сәуірде мына күндер атап өтіледі:
- 6 сәуір (сәуірдің бірінші жексенбісі) — Геолог күні;
- 12 сәуір — Ғылым қызметкерлері күні;
- 15 сәуір — Ұлттық ғашықтар күні;
- 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күні.
Бұл даталар мереке емес, бірақ кейбір ұйымдарда арнайы іс-шаралар өтеді.