Дәрмек: Бірнеше килограмм есірткі тәркіленді
<p style="text-align: justify;">Өңірде өткізіліп жатқан «Дәрмек» жедел алдын-алу іс-шарасының алғашқы аптасында 5 келіден астам түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан тәркіленді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жамбыл облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері құқық бұзушылықтың 40 дерегін анықтаған.
Департаменттің баспасөз қызметі келтірген дерекке сенсек, қазіргі кезге дейін 4 қылмыс нақты анықталып отыр. Айналымнан алынған заттарды немесе айналысы шектелген заттарды контрабандалық жолмен өткізудің 2 дерегі тіркелсе, құрамында есірткі заттары бар өсімдікті заңсыз өсірген 1 адам анықталған. Сондай-ақ психотроптық заттармен жұмыс істеу ережесін бұзудың бір дерегі белгілі болған.
«Сонымен қатар 9 қылмыстық теріс қылық, 27 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді. Олардың ішінде техникалық нығайту талаптарын бұзудың 20 дерегі, фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзудың 5, лицензиялау шарттарын бұзудың 2 фактісі бар. 33 мың 412 тонна 30 келі түрлі прекурсорлардың, сондай-ақ 4 469 түрлі есірткі және психотроптық препараттардың айналымы шектелді», делінген департаменттің баспасөз қызметі келтірген мәліметте.
Жамбыл облысы