Қоғам
1 мин оқу 100

Павлодарда көлік апатынан жолаушы мерт болды

<p style="text-align: justify;">Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Павлодарда көлік апатынан жолаушы мерт болды

«Қызылорда–Павлодар» автожолында болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды. CHEVROLET COBALT маркалы автокөлік жүргізушісі алдын ала мәлімет бойынша көлік руліне ие бола алмай, жол жиегіне аударылған.

- Оқиға «Қызылорда–Павлодар» автожолында 1153-ші шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында, алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Павлодар облысы

Бөлісу:
Павлодарда көлік апатынан жолаушы мерт болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар