Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында &laquo;AMANAT&raquo; партиясы жанындағы &laquo;Жастар Рухы&raquo; Жастар қанатының бастамасымен колледж студенттеріне арналған өндірістік экскурсия ұйымдастырылды. Онда колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысып, өндірістік тәжірибеден өту және&nbsp; жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін қарастырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты

Экскурсия аясында 30-дан астам студент Қонаев қаласындағы «Бағашар Мекен» антифриз зауытына барып, өндірістік цехтармен, өнім дайындау технологиясымен, зертханалық база және сапа бақылау жүйесімен танысты.

Іс-шара барысында колледж, зауыт және «Жастар Рухы» арасында үшжақты меморандум бекітілді. Құжатқа сәйкес, студенттер зауытта өндірістік тәжірибеден өтіп, үздіктері тұрақты жұмысқа қабылданатын болады.

«Біздің мақсатымыз – студенттерге нақты өндірістік ортада тәжірибе жинауға мүмкіндік беру. Колледж түлектерін нақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Өйткені, бұл – «AMANAT» партиясының басым бағыттарының бірі», деді «Жастар Рухы» Алматы облыстық филиалының төрағасы Медет Бекбергенов.

«Бағашар Мекен» ЖШС – Қазақстандағы антифриз өндіретін жалғыз кәсіпорын. Зауыт жылына 25 мың тоннаға дейін өнім шығарады, оны Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанға экспорттайды. Мұнда 200-ге жуық адам жұмыс істейді, көпшілігі – жергілікті тұрғындар.

Айта кетейік, биыл «Жастар Рухы» бастамасымен Алматы облысында 6 өндіріс орнына экскурсия ұйымдастырылып, оған 100-ден астам студент белсене қатысты.

Жыл соңына дейін 20 колледжбен меморандум жасалып, кемінде 500 студент өндірістік тәжірибеге және жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болмақ.

Бөлісу:
Студенттер антифриз зауытының жұмысымен танысты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар