Оқиға
1 мин оқу 113

Қызылордада республикалық жастар форумы өтіп жатыр

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ел аймағынан жиналған жастар &laquo;Сыр елі &ndash; достық мекені&raquo; форумында бас қосты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қызылордада республикалық жастар форумы өтіп жатыр

Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездескен жастар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» коворкинг орталығында «Жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті» тақырыбында бірінші секция жұмысын өткізді.

1

Оның барысында жастар мен сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың рөлі, кәсіпкерлік пен көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, форум аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан құрылған «Студенттік Ассамблея» орталығы ашылды. 

2

Ал «Болашақ» университетіндегі секциялық отырыс жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыруға, жастардың кәсіптік бағдарын айқындауға арналып, форум қонақтары университет инфрақұрылымымен, арнайы кабинеттермен, жылыжай жұмысымен танысты.

3

4

Бөлісу:
Қызылордада республикалық жастар форумы өтіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар